377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістан 29 жерсерікті орбитаға бірден шығарды

  • 161
  • UPD: 11:14, 02.04.2019

Үндістанда ғарыштық зерттеу ұйымы бір зымыранды ұшырғанда бірден 29 жерсерікті орбитаға шығарды.

Оның бірі ұлттық барлау аппараты «Эмисат» ((EMISAT)). Бұл құрылғы қарсыластың мекен-жайын анықтауға арналған. Айта кетейік, зымыран Бенгаль шығанағындағы Сатиш Дхаван ғарыш айлағынан көкке көтерілді. Жергілікті тұрғындар бұл үдерісті алғаш рет өз көздерімен тамашалады. Осыдан бір апта бұрын ғана Үндістан 300 шақырым биіктікте ғарыш аппаратын қағып түсіретін антижерсерік зымыранын сынақтан өткізген еді. Бұл жылы үндістандық ұйым 30 ғарыш миссиясын орындауды көздеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы