384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мозамбикте тырысқақ дерті өршіп тұр

  • 430
Мозамбикте тырысқақ дерті өршіп тұр

Мозамбикте тырысқақ дертіне шалдыққандардың саны мыңнан асты.

Кемінде бір адам көз жұмған. Елдің денсаулық сақтау министірлігі осылай деп хабарлады. Айта кетейік, тырысқақ дертінің күрт өршуіне Африканың оңтүстік-батыс өңірінде болған «Идай» циклоны сеп болған. Соңғы ақпарлар бойынша, табиғи апаттан Мозамбик, Зимбабве және Малавида 800 адам қаза тапқан. Тағы жүздеген адам іс-түзсіз жоғалғандардың қатарында. Тырысқақ дертінен бөлек, Мозамбикте аштық жайлағалы тұр. Себебі жауын араласқан қатты дауыл 700 мың гектар егістіктің көзін жойған. Үкімет жергілікті диқандарға тұқым мен құрылғы тегін тарататын болды. Десе де, мемлекетке алдымен халықаралық көмек қажет.

Хабар 24 телеарнасы