389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Brexit бойынша баламалы келісім қабылданбады

  • 219
Brexit бойынша баламалы келісім қабылданбады kp.ua

Британдық парламент Брексит бойынша баламалы келісімдерді қабылдамай тастады.

Депутаттар өздері ұсынған төрт нұсқа бойынша ортақ келісімге келе алмаған. Парламент Ұлыбританияның Кеден одағында қалуы, Еуропалық экономикалық аймақ пен еркін сауда қауымдастығында мүше болу нұсқаларына қарсы шықты. Сондай-ақ Брексит бойынша қайта референдум өткізу нұсқасы да қолдау таппады. Біріккен Корольдіктің Еуроодақтан шығу датасын созуы ең аз дауыс жинаған нұсқа болды. Ал Еуропарламенттегілердің айтуынша, Лондонның қатаң Брекситтен басқа амалы қалмады. Себебі Брюссельмен бекітілген одақтан шығу датасына бар-жоғы екі апта қалды. Британдық депутаттар болса түбінде ортақ келісімге келеміз деп отыр.

Джереми Корбин, оппозиция көшбасшысы:

– Ұсынылған төрт нұсқауының біреуі де қабылданбады. Ал премьер-министрдің жоспары үш рет қолдау таппағанын айта кеткен жөн. Сол себепті депутаттардың ұсынған нұсқаларын қайта талқылап көру керек. Сонда мүмкін ортақ бір келісімге келерміз.

Хабар 24 телеарнасы