379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тайваньда 5,4 магнитудалы жер сілкінді

  • 62
  • UPD: 09:12, 03.04.2019
Тайваньда 5,4 магнитудалы жер сілкінді blogspot.com

Тайваньда 5,4 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді.

Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлайды.

Жерасты дүмпулерінің эпиорталығы Тайдун қаласынан солтүстік-батысқа қарай 29 шақырым қашықтықта орналасқан.

Табиғи апаттың ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.

Қазіргі уақытқа дейін қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Хабар 24 телеарнасы