377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжанда иесіз иттер мен мысықтарға баспаналар салынады

  • 69
  • UPD: 10:38, 03.04.2019

Иесіз жануарларды адамдарға төнген қатер ретінде аулау керек па әлде оларға қамқорлық көрсету қажет па?

Әзербайжанда осы сауал жұрттың назарынан тыс қалған жоқ. Далада қаңғып жүрген жануарларға мемлекет те, жеке тұлғалар да баспана салып жүр. Бүгінде Баку көшелерінде иттер мен мысықтарға арналған үйшіктерді көруге болады.

Бакуде мысықтарға арналған осындай үйшіктер бар. Оны Көне қала қорығының коммуналдық қызметі орнатқан. Қызметкерлер мысықтарға күніне үш рет азығын беріп, тазалап отырады. Әзірге мұндай күркелер көп емес. Қорық қызметкерлері болашақта олардың санын арттырып, қаланың өзге аудандарында да орнатуды көздеп отыр.

Офелия Эфендиева, «Ичеришехер» тарихи-сәулет қорығы басқармасының өкілі:

– Үйшіктер қоятын орындарды арнайы таңдап жүреміз. Байқауымызша, мысықтар тап осы жерлерде жүруді ұнатады. Күркелерін алкапоннан жасаймыз, қар мен жаңбыр жауса да, күн ысып тұрса да жануарларға ыңғайлы.

Осы істегі басты көмекшілері – жануарларға жаны ашитын оқушылар. Ағайынды Шамиловтар сыныптастарымен бірге қолда бар заттардан үйшіктер салып жүр. 

Эмиль Шамилов, оқушы:

– Олар жайлы тұрсын деп, күркелер саламын. Олар да біз сияқты өмір сүруі керек.

Камиль Шамилов, оқушы:

– Картон, қайшы мен скотч керек. Ескі көрпеден жасауға болады. Картонды алып, оған күрте кигізесің. Бұл ауладағы әр баланың қолынан келеді деп ойлаймын.

Табиғат қорғаушылары жануарларға қатысты көзқарасты тек астанада ғана емес, елдің бүкіл аймағында өзгерту қажет деп санайды. Нахчыван қаласындағы баспанада қаңғыбас иттерге  құтыруға қарсы екпе егіп, зарарсыздандырады. Мұнда 150-ге жуық ит бар, оларға жаңа қожайындар іздеп, қолдарына тапсырады.

Гурбан Фатуллаев, жануарларды қорғау орталығының қызметкері:

– Ең алдымен оларға қамқорлық қажет. Біз өз сүйіспеншілігімізді көрсетуге тырысамыз. Жұмысыз бізге ұнайды.

Жыл сайын осындай баспаналардың жағдайы жақсарғанымен, бәріне орын жетіспейді. Сол себептен, екпе жасалып, зарарсызданғанан кейін оларды алатын адам табылмаса, арнайы бирка тағып, қайта далаға жібереді.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы