377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эрнест Хемингуэйдің туындылары қайта қалпына келтірілмек

  • 85
Эрнест Хемингуэйдің туындылары қайта қалпына келтірілмек

Кубада Эрнест Хемингуэй туындыларын сақтау және қайта қалпына келтіру орталығы ашылды.

Кешен жазушы 21 жыл өмір сүрген Гавананың шет жағындағы «Финка Вихия» жеке-жайында орналасқан. Хемингуэй – Кубаға мыңдаған бірегей құжат, кітап және фотосурет қалдырған тұлға. Орталықта бірнеше зертхана, жер асты қойма, бірқалыпты температураны сақтайтын жүйе бар. Бұл құжатты қайта қалпына келтіру шеберханасы АҚШ және Кубаның бастамасымен құрылған. Айта кетейік, бұл екі ел арасындағы қарым-қатынас қазір ушығып тұр. Осыдан жарты жыл бұрын Ақ үй басшысы Дональд Трамп Кубаға қатысты сауда санкциясын ұзартқан еді.

Хабар 24 телеарнасы