379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбритания Еуроодақтан келісімсіз шығуы мүмкін

  • 102
Ұлыбритания Еуроодақтан келісімсіз шығуы мүмкін rus.err.ee

Ұлыбритания парламентінің қауымдар палатасы қайтадан Еуродақтан шығу келісімін мақұлдаған жоқ.

Осыған дейін үш мәрте келісім мәтінін қабылдамай қойғаннан кейін, депутаттарға  келісімнің балама 4 нұсқасы ұсынылған болатын. Бірақ оның бәрі қабылданған жоқ. Еске салып кетсек, Лондон 12 сәуірге дейін Еуроодақ басшылығына мақұлданған келісім немесе балама жоспарды ұсынуы тиіс. Өйтпесе елге Еуроодақтан келісімсіз шығу қауіпі төніп тұр.

Мишель Барнье, Еуроодақтың Brexit бойынша басты мәмілегері:

– Егер алдағы күндері Ұлыбритания парламенті Еуроодақтан шығу келісімін қолдап дауыс бермесе, екі жолы қалады. Ол келісімсіз шығу немесе Еуроодақтан шығу құқығы жөнінде 50-баптың мерзімін ұзартуын сұрау. Осы екі амалдың біреуін таңдауға Ұлыбритания үкіметі жауапты болады.

Хабар 24 телеарнасы