389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекия премьер-министрі Солтүстік Македонияға алғаш рет сапар шекті

  • 351
Грекия премьер-министрі Солтүстік Македонияға алғаш рет сапар шекті 24СМИ

Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас Солтүстік Македонияға тарихи сапар шекті.

Бұл – грек жоғары лауазымды тұлғасының көрші елге алғаш баруы. Солтүстік Македония премьер-министрі де сапардың маңыздылығын атап өтті. Себебі Македония 1991 жылы тәуелсіздігін алғаннан бері екі мемлекет арасында елдің атауына қатысты дау туындаған. Афина Скопьеден елдің атын өзгертуін талап етіп, оның НАТО-ға мүше болуына қарсылық танытты. Өйткені Грекияда бір аймақтың аты ежелден осылай аталады. 27 жылға созылған дау тек өткен жылы шешімін тапты. Македония халқы референдум арқылы елдің атауын Солтүстік Македония деп өзгертті.

Алексис Ципрас, Грекия премьер-министрі:

– Бұл – Грекия мен Солтүстік Македония ғана емес Балқан үшін де маңызды сәт. Екі мемлекет 30 жылдай бір-бірімен қырғи қабақ болып, текке уақыт жоғалтты. Енді сол олқылықтың орынын толтырып, ынтымақтастығымызды нығайтуымыз керек.

Оран Заев, Солтүстік Македония премьер-министрі:

– Бүгін – еліміз үшін тарихи күн. Себебі Грек премьер-министрі үлкен делегациямен келіп отыр. Екі мемлекеттің өткеніне көз жүгіртсек, біраз мүмкіндікті жоғалтқанымызды байқауға болады.

Хабар 24 телеарнасы