377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та химиялық зауыт өртенді, адам шығыны бар

  • 103
АҚШ-та химиялық зауыт өртенді, адам шығыны бар

Хьюстон қаласының маңындағы химиялық зауытта өрт шығып, 1 адам қаза тапты.

Тағы 2 жұмысшы жарақат алды. Нысаннан 1 жарым шақырымдай жерде тұрып жатқан адамдарға үйлерінен шықпау туралы ескерту жасалды. Себебі ауаға тараған улы заттар әсер етуі мүмкін. Өрттің неден тұтанғаны әлі белгісіз. Кей ақпаратқа қарағанда, от изобутилен газы қоймасының қасындағы желіден шығуы мүмкін. Қазір қызыл жалын сөндіріліп, оқиғаға қатысты тергеу ісі жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы