377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранда су тасқынына байланысты 70 ауылға қауіп төнді

  • 88
  • UPD: 07:40, 04.04.2019
Иранда су тасқынына байланысты 70 ауылға қауіп төнді Униан

Иранның Хузестан штатында су тасқыны қаупіне байланысты 70 ауылдың тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.

Себебі, бұл мекендердің барлығы Керзхе мен Дез өзендерінің бойында орналасқан. Сондықтан билік шұғыл түрде осындай шешім қабылдады. Еске сала кетейік, Иранда соңғы 2 аптада нөсер мен су тасқынынан 47 адам көз жұмды. Елдің 31 штатының 26-сын су басқан. Ондаған мың адам баспаналарын тастап кетуге мәжбүр. Бірнеше аймақта төтенше жағдай жарияланған.

Хабар 24 телеарнасы