377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зимбабведе «Идай» тропикалық циклонынан қаза тапқандар саны 268-ге жетті

  • 90
  • UPD: 07:45, 04.04.2019
Зимбабведе «Идай» тропикалық циклонынан қаза тапқандар саны 268-ге жетті

Бұған дейін құрбандардың саны 104 деп хабарланған еді.

Жергілікті биліктің айтуынша, құтқару-іздестіру жұмыстарына қарай көз жұмғандардың саны арта түсуі мүмкін. «Идай» циклоны наурыз айында Африканың оңтүстік-шығысында ойран салған еді. Табиғи апаттан Мозамбик, Зимбабве және Малави өңірлері қатты зардап шеккен. Үш елден 900-ден астам адам қаза тапты. Тағы бірнеше жүздеген адам іс-түзсіз жоғалғандардың қатарында. Салдарынан өңірде тырысқақ дерті өршіп кеткен. Апат 700 мың гектар егістіктің көзін жойған. Сол себепті циклон салдары аштыққа әкелуі мүмкін дейді мамандар. 

Хабар 24 телеарнасы