379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэлада Х.Гуайдоның қорғанысы әлсіреді

  • 111
  • UPD: 07:55, 04.04.2019
Венесуэлада Х.Гуайдоның қорғанысы әлсіреді

Венесуэланың ұлттық кеңесі оппозиция басшысы және өзін-өзі президент етіп жариялаған Хуан Гуайдоны депутат ретіндегі құқықтық иммунитетінен айырды.

Одан бөлек, ассамблея саясаткерге міндеттерді иемденгені үшін қылмыстық жауапкершілік артты. Гуайдоның өзі жергілікті БАҚ өкілдеріне «темір торға қамалып немесе арнайы қызметкерлер ұрлап әкете ме» деп қорқып жүргенін мәлімдеген. Оның айтуынша, елдегі бірде-бір құрылымда иммунитеттен айыру құқығы жоқ.

Еске сала кетейік, Венесуэладағы саяси дағдарыс қаңтар айында ушыға түскен еді. Ол кезде парламент спикері және оппозиция көшбасшысы Хуан Гуайдо өзін-өзі уақытша президент етіп жариялаған болатын. Бүгінде АҚШ және еуропалық мемлекеттердің басым бөлігі оны елдің заңды басшысы деп мойындап отыр.

Хабар 24 телеарнасы