377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Boeing 737 Max ұшу жүйесін тексеретін топ құрады

  • 123
АҚШ Boeing 737 Max ұшу жүйесін тексеретін топ құрады

АҚШ-тың федералдық авиациалық басқармасы NASA-мен бірлесіп Boeing 737 Max ұшағын тексеру үшін арнайы жұмысшы тобын құратын болды.

Мамандар әуе кемесінің ұшуын бақылап, түзететін жүйені зерттейді. Сондай-ақ ұшқыштардың осы жүйемен жұмысын тексеріп, оны жасартудың жолдарын қарастырмақ.

Еске сала кетейік, наурыздың 10-ы күні Эфиопияда бортында 157 жолаушы мен экипажы бар Boeing 737 ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Тергеу барысында оның былтыр қазан айында Индонезиядағы ұшақ апатымен ұқсастығы анықталған еді. Осыған байланысты әлемнің көптеген елі Boeing ұшағының осы түрін пайдалануды тоқтатты. 

Хабар 24 телеарнасы