379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еурокомиссия брексит бойынша талап қойды

  • 130
  • UPD: 15:21, 04.04.2019
Еурокомиссия брексит бойынша талап қойды

Брюссель Ұлыбритания парламенті брексит келісімін сәуірдің 12-сіне дейін бекітсе ғана одақтан шығу күнін қысқа мерзімге созады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Егер қауымдар палатасы осы уақытқа дейін бір мәмілеге келмесе, брексит кейінге шегерілмейді. Яғни Тұманды Альбион ұйымнан келісімсіз шығады. Мұндай мәлімдемені Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер жасады. Оның айтуынша, егер Біріккен Корольдік ұйымнан келісімсіз шығатын болса, Еуроодақ бұл елмен шекараға бірден кедендік бақылау орнатады.

Жан-Клод Юнкер, Еурокомиссия төрағасы:

- Ұлыбританияның қауымдар палатасы брексит келісімн сәуірдің 12-сіне дейін бекітуі тиіс. Олай болмаған жағдайда, елдің одақтан шығу уақыты кейінге шегерілмейді. Себебі, бұл Еупопарламент сайлауына кедергі келтіріп, Еуроодақтың қалыпты жұмысын бұзады.

Пьер Московиси, ЕО-ның экономика жөніндегі комиссары:

- Ұлыбритания Еуроодақтан келісімсіз шығатын болса, бірден үшінші мемлекетке айналады. Бұл Ұлыбританиямен бірге Еуроодақ үшін де көп өзгерістер әкеледі. Бірақ Еурокомиссия келісіміз брекситке әзір. Біз оған 2 жыл бойы дайындалдық.

Хабар 24 телеарнасы