376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранда су тасқынынан қаза тапқандар саны 62-ге жетті

  • 161
Иранда су тасқынынан қаза тапқандар саны 62-ге жетті Gismeteo

Бұған дейін табиғи апаттан 47 адамның көз жұмғаны хабарланған еді.

Соңғы он жылдағы ең қатты нөсер өңірге өткен айдың соңында түскен. Соңғы ақпарларға сай, 15 елді мекен су астында қалған. Олардың бірнешеуінде төтенше жағдай жарияланды. Зардап шеккен өңірлерде жолды су шайып кеткен. Инфрақұрылымдар мен тұрғын үйлер зақымданған. Бүгінде апат орын алған аймақта тұрғындарды эвакациялау жүріп жатыр.  

Хабар 24 телеарнасы