379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Порошенко Зеленскиймен пікір таластыруға келісті

  • 127
  • UPD: 15:19, 04.04.2019
Порошенко Зеленскиймен пікір таластыруға келісті

Украина президенті Петр Порошенко Владимир Зеленскиймен Киевтегі «Олимпийский» стадионында дебат өткізуге келісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Порошенко қарсыласын сайысқа шақырған бейнежолдауын Twitter-дегі парақшасында жариялады. «Бірақ сайыста сайлау заңы сақталуы керек», – дейді қазіргі президент. Ал Зеленский болса пікірталастың тікелей эфирде жүруімен бірге оған қатысушылардың дәрігерлік тексеруден өтуін сұрауда. «Бұл сайыскерлер арасында ішкіштер мен нашақорлар жоқ екенін көрсету үшін қажет» дегенді айтады шоумен.

Еске сала кетейік, Украинада наурыздың 31-і күні президенттік сайлау өткен болатын. Бірақ ешбір кандидат сайлаушылардың 50 пайыз дауысына ие бола алмады. Сайлаудың соңғы қорытындысы бойынша Владимир Зеленскийді сайлаушылардың 30 процентін, ал Петр Порошенко 16 пайыз дауысын жинаған. 

Пётр Порошенко, Украина президенті:

- Пікірсайыс тәртібі президенттік сайлау туралы заңда бекітілген. Оқысаңыздар болады. Ол қоғамдық телеарнаның негізінде барлық арналарда көрсету арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Бірақ стадион болса, стадион болсын. Владимир Александрович, мен сізді күтемін.

Хабар 24 телеарнасы