389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливияда қос үкімет арасындағы қатынас шиеленісуі мүмкін

  • 425
  • UPD: 13:32, 04.04.2019
Ливияда қос үкімет арасындағы қатынас шиеленісуі мүмкін

Триполиде орналасқан ұлттық келісім үкіметі барлық қарулы күштерді жоғары дайындық жағдайына келтірді.

Себебі, елдің шығысын бақылауында ұстап отырған фельдмаршал Халифа Хафтар жасақтарын лаңкестермен күресу үшін елдің батыс бөлігіне аттандыратынын мәлімдеген. Бірақ Фаиз Сарадж үкіметі олар содырламен күресумен қатар Триполиге де жорық жасауы мүмкін деп қауіптеніп отыр.

Айта кетейік, Қазір Ливия қос үкіметтік жағдайда өмір сүріп жатыр. Елдің бір бөлігін 2015 жылы құрылған ұлттық келісім үкіметі басқарса, енді бір бөлігі Тобруктегі қауымдар палатасының бақылауында.

Хабар 24 телеарнасы