380.89 423.60 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бельгияда алғашқы су асты киностудиясы ашылды

  • 155
  • UPD: 15:19, 04.04.2019
Бельгияда алғашқы су асты киностудиясы ашылды

Онда кино түсіру іс басталып та кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір бірегей студияда швед режиссері Юаким Хеден Арктикада апатты жағдайға тап болған адамдардың тағдырын түсіріп жатыр. Айта кетері, киностудия екі құрғақ және тереңдігі 9 метр болатын су алаңынан тұрады. Арнайы құрылғы толқын мен желді иммитациялайды. Ал жылжымалы еден кез келген қойылымды қою мүмкіндігін береді.

Карен Дженсен, компания өкілі:

- Қазір бізге продюсерлер мен режиссерлер көптеп келіп жатыр. Олар әдетте «менде мынадай сценарий бар еді, бірақ өмірге қауіп төндіретін болған соң оны түсіру мүмкін емес деп ойлап келдік» дейді. Енді осы студияда олар жоспарларын жүзеге асыра алады. Рас, шытырманды кино түсірген дұрыс, бірақ қауіпсіздік жағын да ойлаған жөн.

Хабар 24 телеарнасы