377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропарламент құжатындағы «отар» сөзі наразылық туғызды

  • 141
  • UPD: 15:17, 04.04.2019
Еуропарламент құжатындағы «отар» сөзі наразылық туғызды

Еуропарламент британдықтардың одақ аумағына визасыз сапары жайында тәртіпті бекітіп, гибралтарлықтарды алғаш рет «отар» деп атады.

Ресми Мадрид бұған қолдауын білдірсе, Ұлыбритания қол астындағы Гибралтар наразылығын танытты.

Айта кетейік, Гибралтар 18-ғасырдан бері Ұлыбританияның иелігі болып саналады. Испания болса оны «біздің жеріміз» дейді. Сондықтан 7 шаршы шақырымдай болатын аумақ үшін жанжал жиі туындайды. Бірақ 1967 және 2002 жылдары референдумда Гибралтар халқының 99 пайызы Ұлыбританияның құрамында қалуды қолдап дауыс берген болатын.

Хабар 24 телеарнасы