377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тереза Мэй Brexit уақытын қайтадан кейінге шегеруге мәжбүр

  • 87
  • UPD: 08:17, 05.04.2019
Тереза Мэй Brexit уақытын қайтадан кейінге шегеруге мәжбүр

Ұлыбритания Премьері Еуроодақтан Брекзит мерзімін тағы да кейінге қалдыруды сұрауға мәжбүр.

Британ Парламенті тиісті заң жобасын қабылдады. Алайда құжат депутаттардың бір ғана дауыс айырмашылығымен мақұлданды. Енді Тереза Мэй Одақтан шығу мерзімін 22 мамырға дейін шегеруді сұрамақ. Тығырықтан шығар жол табу үшін Мэй британдық оппозиция басшысы Джереми Корбинмен келіссөздер жүргізді. Британ парламенті Брекзит жоспарын үш қайтара қабылдамай қойғаннан кейін ғана Мэй Корбинмен диалог құруға келіскен еді.

Хабар 24 телеарнасы