377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Наполеонның хаттары аукционда жарты млн еуроға сатылды

  • 122
  • UPD: 09:14, 05.04.2019
Наполеонның хаттары аукционда жарты млн еуроға сатылды pixabay.com

Барлығы үш хат болған және оның барлығы Жозефинаға арналған.

Наполеон Бонапарттың өзінің жұбайына жіберген үш хаты Франциядағы аукционда 510 мыңнан астам еуроға сатылды. Бұл туралы Drouot аукцион үйіне сілтеме жасап, РИА Новости хабарлайды.

Хаттардың ішіндегі ең қымбаты болашақ императордың 1796 жылы жазған хаты болды. Сауда-саттық қатысушыларының бірі ол хатты 221 мың еуроға сатып алды.

Аукцион ұйымдастырушыларының бірі «Махаббат жасасын», деп жазып, хаттың фотосымен бірге Twitter парақшасында жариялады.

 

Хабар 24 телеарнасы