379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мозамбик еліне гуманитарлық көмек жеткізілді

  • 107
  • UPD: 09:06, 05.04.2019
Мозамбик еліне гуманитарлық көмек жеткізілді

Бейра портының оңтүстігіндегі екі мыңнан астам Бузи тұрғыны гуманитарлық көмектің алғашқы легін қабылдады.

Идай циклоны соққы берген кезде Мозамбиктің бұл бөлігімен байланыс екі аптаға үзілген болатын. Естеріңізге салсақ, наурыз айынынң орта шенінде Идай дауылы Африканың оңтүстік-шығысын жайпап, жүзге жуық адамның өмірін қиған. Қызыл Крест пен Қызыл жарты ай қызметкерлері зардап шеккендерге  азық-түлік, дәрі-дәрмек пен ауыз су жеткізуде. Қазіргі таңда ауыл-аймаққа тек тікұшақтармен жету мүмкін болып отыр. Себебі жолдар мен көпірлердің денін су шайып кеткен. Бүгінде 150 мыңнан астам Африка тұрғыны гуманитарлық жәрдемге мұқтаж.

Хабар 24 телеарнасы