379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франция халқының төрттен үш бөлігі твиттерді пайдаланады

  • 83
  • UPD: 10:44, 05.04.2019
Франция халқының төрттен үш бөлігі твиттерді пайдаланады

Француз саясаткерлері үшін твиттер әйгілі платформаның біріне айналды. Дәлірек айтқанда, ірі саяси тұлғалардың басын қосқан осы желі.

Елдегі 577 депутаттың 530-ы әлеуметтік желіде аккаунт ашып алған.

Твиттердегі танымал саясаткерлердің бестігін тізіп айтсақ.  Көш басында Франция Президенті Эммануэль Макрон. Одан кейін елдің бұрынғы мемлекет басшылары Николя Саркози мен Франсуа Олланд. Төртінші орында оңшылдар партиясының көшбасшысы Марин Лё Пен жайғасса, бестікті солшылдардың жетекшісі Жан-Люк Меланшон түйіндейді.

Твиттердегі әрбір жазба ресми мәлімдеме ретінде қабылданып, жергілікті ақпарат құралдары дереккөз ретінде пайдаланады. Медиа-метрия агенттігінің мәліметі бойынша Францияның 22 миллионға жуық тұрғыны немесе елдің төрттен үш бөлігі твиттер желісінде отырады. Атап өтерлігі, олардың басым бөлігі жұмысқа қабілетті, яғни француз саясаткерлерінің басты аудиториясы саналады.

Хабар 24 телеарнасы