379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО мен Америкада желідегі парақшалар саяси мәлімдеме алаңына айналған

  • 112
  • UPD: 11:38, 05.04.2019

Қазір әлеуметтік желілер адам өмірінің ажырамас бір бөлігі. Желідегі жеке парақшалар тіпті көптеген мемлекет және үкімет басшыларының маңызды саяси мәлімдеме жасайтын алаңына айналған.

Айта кетсек, олардың 70 пайызының әлеуметтік желілерде жеке парақшалары бар. Әлеуметтік дипломатия немесе «твитдипломатия» үрдісі осыдан 10 жыл бұрын пайда болды. 2007 жылы Барак Обама сенатор болып тұрған кезде твиттерде парақшасын ашқан. Ал Венесуэла президенті Николас Мадуроның бес тілде ақпарат тарататын аккаунты бар. Ұлыбритания патшайымы Елизавета II болса электронды хабарлама жіберген алғашқы билеуші.

Мартин Вермейер, «Diplomatic World» басылымының редакторы:

- Қазір осының бәрі бар. Бұл мысалы Еурокеңес президенті Дональд Туск немесе Еуроодақтың брексит бойынша басты мәмілегері Мишель Барньемен тікелей сұхбаттасудың өте ыңғайлы құралы екенін көрсетеді. Оған қоғам тартылған. Сондықтан бұл арналар арқылы өз пікірін білдіру қажеттілікке айналды.

Президент немесе Премьер-министрдің әлеуметтік желіде жеке парақшасының болуы өз халқымен және әлем қауымдастығымен тікелей байланыста болу дегенді білдіреді. Бұл оларға өзге елдің басшыларымен де байланысқа түсуге мүмкіндік береді.  Бірақ әлеуметтік желінің бәріне бірдей сенуге болмайды.

Майкл Лаубенхеймер, Еурокомиссия қызметкері:

- Шынайы ақпаратты жалған мәліметтен ажырата білу маңызды. Кейде оның дұрыс-бұрысын білу қиынға соғады. Сондықтан кез келген деректі тексеру қажет. Өз басым мемлекет басшыларының жеке парақшаларынан гөрі газет пен телеарналарға көбірек сенемін.

Әлеуметтік желілер қазір байланыс құралына және өз пікіріңді білдіретін алаңға айналған. Сондықтан оларды тиімді қолдану маңызды.

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Хабар 24 телеарнасы