384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Джамму және Кашмир аймағында ең ірі қызғалдақ алаңы жайқалып тұр

  • 581
  • UPD: 14:38, 05.04.2019

Үндістанның Джамму және Кашмир аймағында Азиядағы ең ірі қызғалдақтар алаңы ашылды.

Оның аумағы 12 гектар. Көктем кезінде мұнда маусымдық гүлдеу басталады. Биыл гүлдерді тамашалауға келгендер оның жүзден астам түрімен танысады. Кашмир алқабындағы қызғалдақтар сәуір айында гүлдеп, 3-4 апта бойы жұпар шашады. Алайда жаңбыр немесе ауа райының ысуы гүлдеу мерзімін қысқартуы да мүмкін. Әдетте әлемнің түкпір-түкпірінен келетін туристер баққа үлкен қызығушық танытады.

Нидха Камат, саяхатшы:

- Бұл өте әдемі көрініс. Өзім гүлдерді қатты жақсы көремін, мына бақ менің көңілімнен шықты. Гүлдерді тамашалау үшін әдейілеп келуге лайық жер.

Хабар 24 телеарнасы