389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэланың Гуайдоға қатысты шешімін Еуроодақ мойындамады

  • 275
  • UPD: 12:21, 05.04.2019
Венесуэланың Гуайдоға қатысты шешімін Еуроодақ мойындамады

Оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдоның парламенттегі орнын жою жөніндегі Венесуэланың конституциялық ассамблеясы қабылдаған шешімін Еуропалық Одақ мойындамайды.

Еуроодақтың дипломатия жөніндегі басшысы Федерика Могеринидің пікірінше, бұл елдің конституциясын өрескел бұзушылық саналады. Оның ойынша, Парламент мүшелерін мұндай құқықтан тек Ұлттық жиын ғана айыра алады. Бұған дейін Гуаидоның үстінен қылмыстық іс қозғалған еді. Оған елдің Президенті Николас Мадуроны биліктен ығыстыруға күш салды деген айып тағылып отыр. Оған қоса, ел аумағынан кетуге тыйым салынғанымен Гуайдо бұған құлақ аспаған. Оның ісін бас прокурор мен Венесуэланың Жоғарғы соты  қарайтын болады. Естеріңізге сала кетсек, қаңтар айында парламент спикері және оппозиция басшысы Хуан Гуаидо өзін өзі елдің уақытша Президенті жариялап, АҚШ бастаған бірқатар мемлекеттер қолдауына ие болды. Содан бері елде саяси-экономикалық дағдарыс белең алған.

Хабар 24 телеарнасы