384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда Кангвондо провинциясындағы өртке байланысты ТЖ жарияланды

  • 405
  • UPD: 12:40, 05.04.2019
Оңтүстік Кореяда Кангвондо провинциясындағы өртке байланысты ТЖ жарияланды russian.rt.com

Оңтүстік Кореяда Кангвондо провинциясындағы бес қалада ірі өртке байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді.

Бұл туралы елдің Ішкі істер және қауіпсіздігі министрлігіне сілтеме жасап, «Ренхап» агенттігі хабарлайды.

Апат салдарынан кем дегенде бір адам көз жұмған. ТЖ аумағынан көптеген адам эвакуацияланды, жүздеген үй зақымданған.

Кей мәліметтерге қарағанда орман өрті 4 сәуір кешке трансформаторлардың бірінде болған төтенше жағдайдан кейін басталып, қатты жел салдарынан одан әрі өршіп кеткен.

Хабар 24 телеарнасы