Парижде мыңдаған мұғалім мен оқушы үкіметтің білім саласын реформалауына қарсы шеруге шықты.
Себебі билік бастауыш және орта мектепті біріктіруді жоспарлап отыр. Шерушілердің айтуынша, министр Жан-Мишель Бланкер ұсынған жобаның салдарынан мектептердегі оқушылар саны артып, мұғалімдерге салмақ артады. Өйткені үкімет 2020 жылға дейін 50 мың мемлекеттік қызметкерді қысқартуды көздеп отыр. Қазірге дейін 4 мың мұғалім жұмыссыз қалған.
Софи Майер, мұғалім:
- Үкіметтің қолға алып жатқан реформасына наразымыз. Билік біздің ресурстарымызды азайтқанына қарамастан көп талап қоюда. Тағы бір мәселе жалақы. Ол 9 жылдан бері көтерілген емес. Ал инфляцияны есептесек еңбегіміз үшін тым аз ақы алып жатқанымызды көресіз.