380.89 423.60 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Корея 5G интернет желісін іске қосты

  • 154
  • UPD: 15:30, 05.04.2019

Оңтүстік Кореяның ең ірі операторы 5 ДЖИ стандартындағы жедел әрі қауіпсіз байланыс желісін іске қосқанын жариялады. 

Оның жұмысын бүкіл ел аумағында орнатылған 34 мың станса қамтамасыз етеді. Байланыстың осы түрін 85 қалада пайдалануға мүмкіндік бар. Сондай-ақ ол жүрдек пойыздар мен күре жолдарда, стадиондарда, метрода, тіпті жағажайларда да қолжетімді болады. Оператор кеңсесінде 5 Джи байланысының мүмкіндіктері көрсетілді.

Бариста: - Қандай кофе қалайсыз?

Қыз: - Ыстық американоны әзірлеп беріңізші.

-Бариста: Ыстық американоны демдеп жатырмын!

Жасанды интеллектпен жабдықталған бариста тұтынушылармен сөйлесе алады. Байланыс жылдамдығы артқандықтан, ол бұйрықты тез түсініп, жылдам қозғалады. Дерек алмасу жылдамдығы секундына 2,7 гигабит , бұл Ви-Ар және Ю-Эйч-Ди контентін жүктеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар 5 джи желісі онлайн-ойындарды, пилотсыз көліктер мен роботтардың жұмысын жақсартады. Ал ғаламторда тауардың үш өлшемді пішінін көруге болады.

Хабар 24 телеарнасы