377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ пен Қытай сауда келісіміне бір айдың ішінде қол қоюы мүмкін

  • 130
  • UPD: 23:46, 05.04.2019
АҚШ пен Қытай сауда келісіміне бір айдың ішінде қол қоюы мүмкін

Бұл туралы президент Дональд Трамп Вашингтонда аспан асты елінің вице-премьері Лю Хэмен кездесуден соң мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, қазір сауда қатынасын реттеуге арналған келіссөз жақсы жүріп жатыр. Тараптар тек баж салығы мен зияткерлік меншікті ұрлауға қатысты мәселелер бойынша ортақ келісімге келе алмауда. Егер олар шешімін тапса, президент Трамп Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездеспек.

Еске сала кетейік, АҚШ пен Қытай арасында сауда соғысы өткен жылдың көктем айынан бері жалғасып келеді. Мәселені шешуге бағытталған келіссөз әлі жалғасуда. Трамп бұған дейін де оның сәтті жүріп жатқанын айтып, қытай тауарларына кезекті салықты кейінге шегерген.

Хабар 24 телеарнасы