379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Boeing 737 MAX ұшағының құлау себептері анықталды

  • 122
Boeing 737 MAX ұшағының құлау себептері анықталды BBC

Аддис-Абеба маңында құлаған Boeing 737 MAX жолаушылар әуе кемесінің ұшқыштары ережеге сай іс-қимыл жасаған.

Сараптаманың алғашқы ресми қорытындысына сүйенген Эфиопияның көлік министрі осылай деп мәлімдеді. Естеріңізге сала кетсек, наурыздың 10-ы күні Эфиопияда Boeing ұшағы құлап, 157 адам опат болған еді. Ресми баяндамаға сәйкес, апат алдында әуе кемесінің тұмсығы төмен тарта берген. Сондықтан Эфиопия билігі Boeing шығаратын компания басшылығын жаңа әуе лайнерін тексеруге шақырды. Айта кетейік, әуе апатынан кейін он шақты мемлекет 737 МАХ әуе кемесінің жолаушы тасымалдауына уақытша тоқтау салды. Америкалық Boeing ұшағы жоғары сұранысқа ие. Өз кезегінде, компания өкілдері ұшақты басқаруды қамтамасыз ететін жаңарған бағдарламаның сынақтан сәтті өткенін хабарлады. Ал адвокаттар болса, компанияны сотқа беру мақсатында тиісті құжаттарды дайындап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы