377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зеленский мен Порошенко қан тапсырды

  • 124
  • UPD: 07:38, 06.04.2019
Зеленский мен Порошенко қан тапсырды BBC

Президенттікке үміткерлер Владимир Зеленский мен Петр Порошенко қан құрамында есірткі мен алкогольдің бар-жоғын анықтау үшін қан тапсырды.

Сайлаудың екінші кезеңі қарсаңындағы пікірталасқа дайындық осылай басталды. Сықақшы Зеленский медициналық талдаманы журналистердің көзінше өткізді. Ал қазіргі Президент Порошенко «Олимпийский» спорттық кешеніндегі антидопингтік орталықта тапсырды. Айта кетерлігі, қос үміткердің пікірталасы дәл осы «Олимпийский» стадионында өтеді. Естеріңізге салсақ, сәуірдің 21-де сайлаудың екінші кезеңі басталады.

Хабар 24 телеарнасы