376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль шекарасында палестиналықтар әскерилермен қақтығысты

  • 103
Израиль шекарасында палестиналықтар әскерилермен қақтығысты

Газа секторы тұрғындары Израиль шекарасы маңында наразылық акциясын өткізіп, әскерилермен қақтығысқа түсті.

Тәртіпсіздік кезінде 83 адам жарақат алды. Үш шерушіге оқ тисе, қалғандары көзді жасаурататын газдан жапа шеккен. Айта кетейік, Израильмен шекара маңында наразылық шерулері өткен жылдың көктем айынан бері жалғасып келеді. Палестиналықтар Тель-Авивтен 1976 жылы тартып алған жерлерді қайтаруды сұрауда. Бірақ Изариль билігі бұл ХАМАС қозғалысының арандатушылығы дегенді айтады. Ал ресми дерекке қарағанда, соңғы 1 жылда Израиль әскерилерімен қақтығыстан 250 палестиналық көз жұмған. 20 мың тұрғын түрлі жарақат алды.

Хабар 24 телеарнасы