377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британ ғалымдары ұшатын арқа сөмкесін жасап шығарды

  • 124
  • UPD: 12:25, 06.04.2019
Британ ғалымдары ұшатын арқа сөмкесін жасап шығарды

Британ ғалымдары 3Д принтерде басылып шығарылған ұшатын арқа сөмкені жасап шығарды.

Бірегей құрал Нью-Йорк қаласындағы теңіз, әуе және ғарыш мұражайында көрсетілді. «Джет-Сьют» деп аталатын сөмке нейлон мен алюминийден дайындалған. Оның 5 қозғалтқышы бар және ұшу үшін түрлі жанармай қолдануға болады. Айта кетейік, реактивті сөмкені жасап шығарған компанияның басшысы Ричард Браунинг – осындай ұшатын костюммен әлем рекордын орнатқан адам. Ол мұндай сөмкемен 1 сағатта 51 шақырымды еңсерген болатын.

Хабар 24 телеарнасы