379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


МакГрегор – UFC тарихындағы ең таза файтер

  • 131
МакГрегор – UFC тарихындағы ең таза файтер Prosports.kz

UFC вице-президенті Джефф Новицки допинг-сынамалары теріс нәтиже көрсеткен файтерлер рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тізімде ирландиялық Конор МакГрегор көш бастап тұр. Ол өз мансабында 49 рет допинг-сынама өткізіп, ешқайсысынан тыйым салынған дәрі табылмаған. Ауыр салмақта UFC чемпионы Даниэль Кормье 45 рет теріс нәтижелі допинг-сынама тапсырған. Рейтингіде үшінші орында Рафаэль Дос Аньос тұр – 41 теріс нәтижелі сынама.

Америкалық Холли Холм (39) төртінші орында. Оның отандасы Стипе Миочич 38 рет таза допинг-сынама тапсырып, бесінші орын алды.

Хабар 24 телеарнасы