379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль биологиялық тұрғыдан ыдырайтын пластик ойлап тапты

  • 139
Израиль биологиялық тұрғыдан ыдырайтын пластик ойлап тапты

Пластиктің негізгі шикізаты планктоннан жасалады.

Мұндай материалды әлемнің кей елдері өндіруге кіріскен. Алайда оны жасап шығару үшін ең алдымен өсімдікті жасанды ортада өсіру қажет. Ол үшін үлкен аумақ пен тұщы су қажет. Еврей мемлекетінің ғалымдары ойлап тапқан пластик суға түскен жағдайда екі жылда еріп кетеді. Әдеттегі пластмассадан жасалған қапшықтың шіруіне кем дегенде жүз жыл қажет. Айта кетерлігі, БҰҰ-ның мәліметі бойынша ластанған су, нақтырақ айтқанда пластиктің салдарынан жыл сайын жүз мыңға жуық теңіз жануары өледі. Олардың дені қорытылмайтын пластик жеп немесе қоқысқа оралып қалу себебінен өліп жатады.

Хабар 24 телеарнасы