377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Генерал Хафтар БҰҰ Бас хатшысының ұсынысын қабылдамады

  • 154
  • UPD: 19:55, 06.04.2019
Генерал Хафтар БҰҰ Бас хатшысының ұсынысын қабылдамады

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ливиядағы саяси күштерді қақтығыстарды тоқтатуға шақырды.

Алайда генерал Халифа Хафтар БҰҰ Бас хатшысының келіссөз жүргізу туралы ұсынысынан бас тартты. Қазір оның әскері Триполиге шабуылдап жатыр. Хафтартың жақтастары шаһар әуежайын басып алғанын айтады. Қазір Ливияда қос үкімет. Елдің бір бөлігін Ұлттық келісім үкіметі басқарса, енді бір бөлігі Тобруктегі Қауымдар палатасының бақылауында. Соңғысын қолдайтын Бас қолбасшы кеше Триполиге әскер аттандырып, шабуыл бастаған еді.

Хабар 24 телеарнасы