379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда терактіден адамдар қаза тапты

  • 155
  • UPD: 21:09, 06.04.2019
Ауғанстанда терактіден адамдар қаза тапты

Ауғанстанның шығысындағы Джалалабад қаласында екі рет жарылыс болып, 3 адам қаза тапты.

Тағы 20-ға жуық тұрғын жарақат алған. Олардың арасында балалар мен әйелдер бар. Лаңкестік әрекет жергілікті уақытпен таңғы сағат 10 шамасында шаһардың қақ ортасында болған. Жарылысты кімдер ұйымдастырғаны әлі белгісіз. Қауіпсіздік күштері лаңкестерді іздестіріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы