377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранда нөсерден 2 мыңға жуық елді мекенді су басқан

  • 114
  • UPD: 07:24, 07.04.2019
Иранда нөсерден 2 мыңға жуық елді мекенді су басқан Sputnik Грузия

Иран билігі нөсер мен су тасқынынан жапа шеккен аудандарды эвакуациялау аумағын кеңейтті.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Хузестан мен Лорестан провинциясындағы 12 мекеннің тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріледі. Себебі, жауыннан бірнеше бөгеттің суы толып, апатты жағдай туындаған. Енді шлюзді ашуға тура келеді. Яғни көптеген ауылды су басатыны белгілі. Ал соңғы мәліметке қарағанда Иранда наурыздың 19-ында басталған нөсер мен тасқыннан 70-тен астам адам опат болған. Табиғат апатынан 2 мыңға жуық елді мекенді су басып, ондаған мың тұрғын жапа шеккен. 

Хабар 24 телеарнасы