376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мысырда Птолемейлер дәуіріндегі қабірлер табылды

  • 144
Мысырда Птолемейлер дәуіріндегі қабірлер табылды BBC.com

Египет археологтары елдің оңтүстігінен ежелгі дәуірде жерленген жаңа қабір тапты.

Мамандардың айтуынша, ол біздің дәуірімізге дейінгі 4-1 ғасырларда өмір сүрген Туту есімді шенеунік пен оның әйелі Та-Ширит-Изиздікі. Бірақ соңғысының қабірі бос болып шыққан. Бұдан бөлек археологтар жер астынан 50-ге жуық мумия мен бальзамдалған тышқан, мысық және сұңқарларды кездестірген. Жергілікті билік, бұл зираттар әл-Дайабат дәуірін зерттеуге және Сохаг провинциясындағы туризмді дамытуға септігін тигізетінін айтады.

Хабар 24 телеарнасы