379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда «сары жейделілер» тағы шерулетті

  • 91
Францияда «сары жейделілер» тағы шерулетті 24 Канал

Францияда «сары жейделілердің» 21-наразылық шеруі өтті.

Оған 22 мыңнан астам адам қатысты. Елдің ірі қалаларында жүрген бейбіт акциялар әдеттегідей полициямен қақтығысқа ұласып, тәртіпсіздіктер орын алды. Парижде 48 бұзақы ұсталды. Мұнда шеру негізінен қаланың екі көшесімен өрбіп, шаһар көшелеріне 3 жарым мың адам шықты. Акцияға қатысушылар қазіргі жүйе өзгермейінше наразылық шарасын жалғастыра беретіндерін айтады.

Еске сала кетейік, Франциядағы «сары жейделілердің» билікке қарсы акциясы өткен жылдың қараша айынан бері жалғасып келеді.

Агнес Бергер, шеруші:

- Жеңіске жеткенше шеруді жалғастыра береміз. Өз талаптарымыздан бас тартпаймыз. Елде сыбайлас жемқорлық жайлаған. Бұл жүйе әлі жұмыс істеп тұр. Саяси элитаның тіршілігі елдің дамуына тұсау. Сондықтан халықтың пікірімен санасқанша, мемлекет мүддесі қорғалмайынша күресімізді жалғастыра береміз.

Хабар 24 телеарнасы