379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливияда фельдмаршал Хафтар әскері Триполиге шабуылды күшейтті

  • 105
  • UPD: 13:17, 07.04.2019
Ливияда фельдмаршал Хафтар әскері Триполиге шабуылды күшейтті

Әскери қолбасшының жасақтары Фаиз Сарадж үкіметі орналасқан шаһарды үш бағыттан шабуылдауда.

Ұрыс Таджур, Джанзур және Бин-Гашир ауданында жүріп жатыр. Хафтар күштері қаланың шетіндегі әуежайды басып алып, ішкі аудандағы екінші әуежайды бақылауына алуға күш салуда. Олар сондай-ақ ұлттық банк пен мемлекеттік телеорталықты да нысанаға алған. Бірақ, кей мәліметке қарағанда, Сарадж әуе күштері қаладан 50 шақырымдай жерде Хафтар әскеріне күшті соққы берген. Ливиядағы жағдайға байланысты үлкен жетілік тараптарды әскери қимылдарды тоқтатуға шақырды. Бірақ Хафтар бұған дейін БҰҰ-ның келіссөз жүргізу туралы ұсынысынан бас тартқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы