379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Берлиндіктер жалдамалы пәтер ақысының өскеніне наразы

  • 112
Берлиндіктер жалдамалы пәтер ақысының өскеніне наразы

Осы орайда 25 мың адам қолдарына плакат пен ұрансөз ұстап, орталық көшелермен жүріп өтті.

Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтіп жатқан ғимаратқа бет алған олардың мақсаты – түйткілді мәселеге көптің назарын аударту. Шерушілердің айтуынша, жалдамалы пәтер ақысы күннен-күнге негізсіз өсіп жатыр. 2017-2018 жылдары орташа баға 20 процентке қымбаттаған. Енді тұрғындар мемлекет есебінен мүлік иелерінен 240 мың пәтерді сатып алдыратын заң қабылдану үшін референдум өткізуді қалайды. Бұл үшін 190 мың қол жинамақ. Айтпақшы, мұндай шерулер Берлинде ғана емес, Мюнхен, Франкфурт, Мангейм, Штутгарт пен Кёльнде де ұйымдастырылды. 

Якоб Райнер, шеруге қатысушы: 

- Мен Кройцберг ауданынанмын. Біз жалдап отырған пәтерді ірі концерн сатып алған. Олар шатырға пәтер салу үшін жеделсаты орнатып жатыр. Бұл үшін 100 жылдық ағашты кесіп тастады. Олар тек қаржы табуды ғана ойлайды. Бізбен санасып жатқан жоқ.

Анне Веллер, шеруге қатысушы:

- Мен тәрбиешімін. Жалдап тұруға пәтер іздеп жүрген көптеген ата-ананы білемін. Бірақ бағаның қымбаттығына байланысты жайлы баспана таба алмай жүр. 2 баласы бар таныстарым 800 еуро көлеміндегі пәтерді іздейді. Аз ақша табатындар мен студенттердің жайы не болады? Бізге жаңа пәтерлер салып беруі керек. Баспана жыл сайын қымбаттамай, қолжетімді болуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы