384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суданда мыңдаған адам президенттің биліктен кетуін талап етуде

  • 365
  • UPD: 17:10, 07.04.2019
Суданда мыңдаған адам президенттің биліктен кетуін талап етуде Trend.Az

Судан астанасында мыңдаған адам шеруге шығып, президент Омар әл-Баширдің биліктен кетуін талап етіп жатыр.

Шерушілер президент сарайы орналасқан ауданға қарай талпынып, полициямен қақтығысқа түсті. 1 адам қаза тауып, бірнеше тұрғын жарақат алған. Айта кетейік, Судандағы толқулар желтоқсан айынан бері жалғасып келеді. Наразылық алдымен азық-түлік және жанармай бағасының өсуіне басталған болатын. Ақпанның 23-і күні әл-Башир үкімет пен елдің барлық провинцияларының басшыларын таратып, елде 1 жылға дейін төтенше жағдай енгізді. Ел парламенті кейінірек оның мерзімін жарты жылға қысқартты. Бірақ оппозиция әл-Баширдің биліктен кетуін талап етуде.

Хабар 24 телеарнасы