389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда мыңдаған мигрант жалған ақпардың құрбанына айналды

  • 357
Грекияда мыңдаған мигрант жалған ақпардың құрбанына айналды

Грекияда мыңдаған мигрант Солтүстік Македонияға қарай өтуге талпынып, полициямен қақтығысты.

Әзірге жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Ал шекара маңындағы тәртіпсіздіктерге әлеуметтік желідегі жалған ақпарат түрткі болды. Онда Солтүстік Македониямен шекара ашылып, мигранттардың өтуіне рұқсат етілетіні жайлы хабарланған. Осыдан кейін Грекияның босқындар лагеріндегі келімсектер көрші елмен шекара маңына жиналған. Айта кетейік, қазір Грекияның босқындар лагерінде ондаған мың мигрант өмір сүріп жатыр. Ал Балқан елдері келімсектер үшін шекараны 2016 жылы жауып тастаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы