379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда оппозиция күштері бекінген елді мекендерге шабуыл жасалды

  • 144
  • UPD: 21:06, 07.04.2019
Сирияда оппозиция күштері бекінген елді мекендерге шабуыл жасалды

Сирияда үкімет әскері Идлиб және Хама провинциясындағы оппозиция күштері бекінген мекендерді атқылап, 3 адам қаза тапты.

Тағы 16 тұрғын жарақат алды. Бұл туралы «Ақ дулығалар» ұйымының өкілдері хабарлады. Олардың айтуынша, үкімет әскері бейбіт тұрғындарды ауыр зеңбіректермен атқылаған. Алайда әскерилер оқиғаға қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Айта кетейік, Сирияның солтүстік-батыс бөлігі – оппозиция қолында қалып отырған жалғыз аумақ. Үкімет әскері бұл өңірді шабуылдамақ болған. Бірақ Мәскеу мен Анкара Идлибте қарусыздану аймағын құру туралы келісімге келіп, кейінге шегерілген. 

Хабар 24 телеарнасы