380.89 423.60 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нетаньяху Батыс жағалауындағы қоныстарға қатысты мәлімдеме жасады

  • 165
Нетаньяху Батыс жағалауындағы қоныстарға қатысты мәлімдеме жасады

Таяу Шығыс мәселесінің одан әрі шиеленісе түсетін түрі бар.

Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху егер парламенттік сайлауда жеңіске жетсе, Иордан өзенінің батыс жағалауында Палестинаның басып алған жерлерін қосып алуға уәде етті. Израиль үкіметінің басшысы мұндай мәлімдемені жергілікті телеарнаға берген сұхбатында жасады. Жүргізушінің «Неге сіз Израиль егемендігін 1967 жылы соғыс кезінде жаулап алынған Шығыс Иерусалим және Голан жоталарын кеңейткендей Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы қоныстарға да орнатпайсыз?» деген сұрағына Нетаньяху «Біз бұл мәселемен айналысып жатырмыз. Ол жерлерді де қосып алатын боламыз» деп жауап берді. Айта кетейік, БҰҰ 2016 жылы Израильден Иордан өзенінің батыс жағалауына қоныстар салуды тоқтатуды талап еткен қарар қабылдаған. Бірақ Тель-Авив оны орындамай отыр. Израиль бұл аумақты жаулап алғаннан бері 120 қоныс салған. Онда қазір 400 мың еврей өмір сүріп жатыр.

 

 

Хабар 24 телеарнасы