389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда Ирак пен Сириядан бастау алған лаңкестік топтың жақтастары оққа ұшты

  • 426
  • UPD: 09:33, 08.04.2019
Ауғанстанда Ирак пен Сириядан бастау алған лаңкестік топтың жақтастары оққа ұшты

Ауғанстанда содырлардың 70 сарбазы жер жастанды. Олар Нангархар провинциясында өткен арнайы операция кезінде оққа ұшты.

Билік әскері қару жарақ қоймасын жарып жіберді. Соңғы кезде бұл маңда мылтық дауысы жиі естілетін. Радикалдар ықпал жүргізетін аумақты ұлғайту үшін оқ ататын.

Еске сала кетейік, «Ирак пен Левант» лаңкестік тобы 2014 жылы Сирия мен Ирактың біраз жерін қолына алып, халифат орнатуды көздеген. Екі жылдан бері олардың күші әлсіреп қалды.

Хабар 24 телеарнасы