379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Малайзияда автобус аударылып, 10 адам қаза тапты

  • 97
Малайзияда автобус аударылып, 10 адам қаза тапты

Куала-Лумпур халықаралық әуежайына жақын жерде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 10 адам қаза тауып, 34-і зардап шеккен, деп хабарлайды Қазақпарат Star басылымына сілтеме жасап.

Газеттің дерегі бойынша жүргізуші рөлге ие бола алмай, ішінде 43 адамы бар автобус су каналына аударылған.

Оқиға орнына құтқарушылар бригадасы келген. Сегіз шетелдік азамат пен жүргізуші сол жерде мерт болса, тағы бірі ауруханада көз жұмды. Қалған 34 адам жергілікті госпитальдерге жеткізілді.

Апаттың мән-жайы анықталып жатыр. Газеттің дерегі бойынша барлық жолаушылар MAS Kargo жүк компаниясының қызметкерлері болған.

Хабар 24 телеарнасы