378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кореяда қоқысты ұқыпсыз төккендерге айыппұл құны мың долларға дейін жетеді

  • 159
  • UPD: 11:00, 08.04.2019

Қоқыстың пәтер құнына әсер етуі мүмкін бе. Оңтүстік Корея жұрты оған шүбә келтірмейді.

Мысалы, елдегі шағын қала саналатын Ханамда үй бағасы күрт шарықтапты. Сеулден жиырма шақырым қашықтықта орналасқан шаһарда бұрын қолқаны қабатын иіс тұрушы еді. Қоқыс өңдейтін жаңа зауыт салынғалы бері Ханам экологиялық тұрғыда таза қалаға айналып шыға келді. Және мұнда тұрғысы келетіндердің саны артты.

Қоқыстың иісі қолқаны қабады дейміз ғой, алайда Ханнам маңындағы кешеннің қасынан өтсеңіз сіз секем алатын  себеп жоқ. Бұл жақта қалдық өңдейтін зауыт барын білетіндердің өзі оның қорщаған ортаға еш әсері жоқ екенін жақсы түсінеді. Әрі таза ауамен еркін тыныстайды. Жүз метрден асатын мұнара қаланың әр жерінен көрініп тұр. Сол тұста бұрын қалдықтар өңделуші еді. Енді зауыт жер астына көшірілді. Төрт жыл бұрын әлемде жоқ кешен салынды. 

Им Гук Нам, Ханам мэриясының  департамент директоры: 

- Біздегі қоқыс өңдеу кешен төрт бөліктен тұрады. Бәрі жер астына орналасқан. Мұндай зауыт әлемде жоқ. Қалдықтың бәрі дерлік өңделеді. Оған келмейтінін өртейміз. Тамақ қалдығынан жан-жануарларға азық дайындалады. Тұрмыстық қалдық қайтадан шикізат көзіне айналады.

Жоба құны 275 миллион АҚШ доллары көлемінде көрінеді.  Бұл қаржыға керек-жарақ құрылғы қондырғылар сатып алынған. Жағымсыз иісті жоятын құрал да бар. Полиэтилен қапшықтарды ұнтақтап, кейін жылу электр станцияларына пайдаланады екен. Пенопласты да бөлшектеп кейін керекке жаратады. Ал қағаз бен пластик бөлек сұрыпталады.

Им Гук Нам, Ханам мэриясының  департамент директоры: 

- Бұл зауыт салынғалы қолқаны қабатын жағымсыз иістен құтылдық. Басты жетістіктің бірі сол. Ханам жұрты қазір қуанып жүр. Экологиялық ахуал жақсарды. Кешенде күніне он бес тоннаға дейін қоқыс өңделеді. Шикізатты өндіріс орындарына қайта сатамыз. Түскен қаржы зауыттың қажеттілігіне жұмсалады. Қала бюджене де көп көмек.

Қалада бейнебақылау көмегімен қоқысты төгіп, шашатындардың әрекетін бақылап отырады. Оларға қатаң шара қолданады. Айыппұл мың долларға дейін барады. Тәртіп болған соң қаладан бейберекет жатқан қоқысты көрмейсіз. Тұрғындардың жауапкершілігі тағы бар. Нәтижесінде таза қаланың мұнтаздай көшелерінде еркін адымдап кетіп бара жатқан адамдарды көресіз. Айтпақщы, әлгі кешеннің үсті кәдімгі көгал, спорт кещендері мен бассейн және парк жұмыс істеп тұр.  

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы